Путин 2024 жылы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Ресей президенті Владимир Путин мойындалмаған ДХР батыры Артем Жогаға жаңа президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
РФ президентінің тиісті мәлімдемесі Ресей батырларын "Алтын жұлдыз" медальдарымен марапаттау рәсіміне қатысушылармен бейресми әңгіме кезінде айтылған.
Бір күн бұрын Федерация Кеңесі 2024 жылдың 17 наурызына президент сайлауын тағайындаған болатын.
Сондай-ақ, бүгін Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауда үш күндік дауыс беруді ресми түрде мақұлдағаны белгілі болды. Сайлау 15, 16 және 17 наурыз күндері өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2049935-putin-2024-zyly-prezidenttik-sailauga-tusetinin-malimdedi/