Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда бірден үш зілзала болды: жұрт Жаңа жылды далада қарсы алды

Жарияланған күні:

Тұрғындар зілзала кезінде үйінен шығып тұр. Хаккяри провинциясы. Түркия
Тұрғындар зілзала кезінде үйінен шығып тұр. Хаккяри провинциясы. Түркия. Фото: ntv.com.tr

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккяри провинциясында 31 желтоқсанда, жексенбіде бірден үш жер сілкінісі болды. Жұрт Жаңа жылды көліктерде және көшеде қарсы алуға мәжбүр болды.

Haber Global хабарына қарағанда, провинцияда алғашқы жер сілкінісінен (4,4 балл) кейін тағы 3,5 және 4,5 балдық екі жер сілкінісі болған.

Зардап шеккендер немесе инфрақұрылым бұзылғаны туралы ақпарат жоқ.

T4 Haber басылымының хабарына сенсек, бірқатар жер сілкінісінен кейін провинция тұрғындарына үйінен шығуға тура келген. Жылыну үшін көптеген тұрғын көшеде от жаққан.

"Хаккяридің кейбір тұрғындары жанармай құю станцияларында, Даггель мен Берчелан аудандарында және басқа да көптеген аудандарда жанармай алу үшін кезекте тұрған, біраз бөлігі көшеде от жағу арқылы жылынуға тырысқан", - делінген хабарламада.

NTV.com хабары бойынша, Хаккяри провинциясының губернаторы Али Челик жер сілкінісі аймақтарына залалды бағалау үшін мамандар жіберілгенін, бірақ қоғамдық өмірге қауіп төндіретін ауқымды залал анықталмағанын айтты. Ондаған үйдің қабырғасы сөгілгені хабарланып, залалды бағалау жөніндегі комиссия тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053519-turkiyada-birden-us-zilzala-boldy-zurt-zana-zyldy-dalada-qarsy-aldy/