Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда жерасты дүмпулерінен кейін цунами қаупі жарияланды (видео)

Жарияланған күні:

Жапониядағы тау
Жапониядағы тау. Фото: pixabay.com

Жапонияда 5,7 және 7,4 балдық екі жер сілкінісі болды. Елде цунами қаупі жарияланды. Осака, Киото және Токиода зілзала қатты сезілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым ақпаратына сенсек, Жапонияның батысындағы Исикава префектурасында бес минуттан аз уақыт аралығындағы екі күшті жер сілкінісі болған.

"Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің мәліметі бойынша, 5,7 балдық алғашқы жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 16:06-да тіркелген. Келесі күшті соққы 16:10-да болды. Оның магнитудасы, нақтыланған мәліметтер бойынша 7,4 балл", - делінген хабарламада.

Осака мен Киотода, сондай-ақ Токиода қатты соққылар сезілді. Бұл префектураларда цунами қаупі жарияланды.

Елдің телеарналарында жаңажылдық бағдарламалар үзіліп, цунами мен зілзала қаупі туралы ескертілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053533-zaponiyada-zerasty-dumpulerinen-keiin-cunami-qaupi-zariyalandy-video/