Оңтүстік Кореяда оппозициялық партия басшысы пышақ жарақатын алды
Жарияланған күні:
Оңтүстік Кореяның бас оппозициялық, біріккен демократиялық партиясының басшысы баспасөз өкілдерімен кездесу кезінде пышақ жарақатын алды. Қазіргі уақытта саясаткер ауруханада жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореяның бас оппозициялық партиясының басшысы Ли Чжэ Менге баспасөз өкілдерімен кездесу кезінде шабуыл жасалды. Белгісіз біреу оған пышақ жарақатын салды.
Партия басшысына шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған. Белгілі болғандай, ол кезде Ли Чжэ Мен Пусан қаласындағы әуежайдың құрылыс алаңына барған. Партия өкілдерінің сөзінше, қазіргі уақытта саясаткер ауруханада жатыр. Оны қашан үйіне шығаратыны әзірге белгісіз. Шабуыл жасаған адам оқиға орнында ұсталды.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель Лидің қауіпсіздігі үшін "асқан алаңдаушылық" білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысының әкімшілігі хабарлады.
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Оңтүстік Кореяда парламенттік сайлау болады. Біріккен демократиялық партия да оған қатысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053574-ontustik-koreyada-oppoziciyalyq-partiya-bassysy-pysaq-zaraqatyn-aldy/