Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Ирандағы жарылыс: "Ислам мемлекеті" ұйымы жауапкершілікті мойнына алды

Жарияланған күні:

Иран туы
Иран туы. Фото: pixabay.com

"Ислам мемлекеті" ұйымы (бірқатар елде тыйым салынған) 2024 жылғы 3 қаңтарда Иранның Керман қаласында генерал Қасым Сүлейманиді еске алуға арналған шеру кезінде болған жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Сүлейманидің зираты маңындағы екі жарылыс кезінде, соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 84 адам қаза тапты. Бұл жайт Иранның Израильмен және АҚШ-пен қарым-қатынасындағы шиеленіс күшейген уақытта болып отыр.

"Ислам мемлекеті" Telegram парақшасындағы аккаунттарында жарылысты екі жанкешті ұйымдастырғанын (олардың аты-жөнін атады) хабарлады. Олар жарылғыш заттарды белдікке бекітіп алған.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары бұған дейін бірінші жарылысты жанкешті ұйымдастырған болуы мүмкін екенін жазған еді.

Рухани көсем Аятолла Хаменеи бастаған Иранның беделді тұлғалары жарылысқа жауаптылардан кек алатынын айтқан. Бірақ нақты кім жауапты екенін атамады. Жарылыстан кейін елдің көптеген қаласында шеру өтіп, халық "Америкаға өлім", "Израильге өлім" деп ұрандатты.

Сүлейманидің өзі Иран "қарсыласу осі" деп атайтын Таяу Шығыстағы, әсіресе Ливан, Сирия, Йемен және Ирактағы әскерилендірілген қозғалыстар желісінің сәулетшісі атанды. Ол төрт жыл бұрын, 2020 жылдың қаңтарында Иракта өлтірілген.

"Ислам мемлекеті" сүнниттік топ болса, Иран шииттік ел саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054009-irandagy-zarylys-islam-memleketi-uiymy-zauapkersilikti-oz-moinyna-aldy/