Қадыров украиналық тұтқындарды босатуы үшін өз туыстарын санкциялық тізімнен алып тастауды ұсынды
Жарияланған күні:
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров АҚШ-қа өз туыстарын санкциялық тізімнен алып тастауды ұсынды. Сонда ол украиналық тұтқындарды босатамын деп отыр. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Қадыров тұтқынға алынғандардың тізімін бір күн бұрын Грозныйға барған бұрынғы америкалық барлаушы Скотт Риттерге тапсырғаны айтылады.
"Қонағымызға қызық ұсыныс бар. Бізде Донецкте, Луганскіде тұтқынға алынғандар бар. Олар менен басқасын, менің анамнан, қыздарымнан және жазықсыз адамдардан, жылқылардан санкцияны алып тастаса, мен (тізімді) қонағымызға беремін... Сосын маған қарсы аздап санкция қосса, біз бұл адамдарды береміз", - деді Қадыров.
Сондай-ақ Риттерге тұтқындардың видеоүндеулері көрсетілген, онда олар Қадыровтың туыстарына, оның жылқыларына, ұшақтарына қарсы "абсурдтық, ешқандай әсері жоқ санкцияларды" алып тастауды сұрайды.
"Егер осы шарттарды орындасаңыздар, онда 20 украиналық сарбаз үйіне оралады", - деді олардың бірі видеода.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054162-qadyrov-ukrainalyq-tutqyndardy-bosatuy-usin-oz-tuystaryn-sankciyalyq-tizimnen-alyp-tastaudy-usyndy/