Пәкістан Иранға зымыранмен бірнеше соққы жасады
Жарияланған күні:
Пәкістан Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинцияларына зымырандармен соққы жасады. Исламабад бұл аймақтарда лаңкестер жасырынған деп есептейді. Шабуыл салдарынан тоғыз адам қаза болғаны хабарланды.
Пәкістанның шабуылы сейсенбіде Иранның ел территориясына зымыранмен жасаған шабуылдарына жауап болып отыр. Сол күні Иран Ирак пен Сириядағы бірқатар нысанға соққы жасаған еді.
Пәкістан телеарнасы бейсенбі күнгі шабуылдан екі ер адам, үш әйел және төрт бала қаза тапқанын хабарлады.
Иран мен Пәкістан арасындағы зымыранмен шабуылдар Таяу Шығыстағы жалпы шиеленістің артуы аясында үдей түсті.
Израиль Газа секторындағы ХАМАС тобына қарсы әскери операциясын жалғастырып, солтүстік шекарасында Ливанның Хезболла тарапынан жасалған шабуылдарына тойтарыс беруде.
Ал АҚШ пен Ұлыбритания Қызыл теңіздегі халықаралық сауда жолдарын жапқан йемендік хуситтерге соққы беруде.
Иран мен Пәкістан көптен бері бір-бірін екі ел шекарасында әрекет ететін радикал топтарды жасырып отыр деп айыптап келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2056275-pakistan-iranga-zymyranmen-birnese-soqqy-zasady/