Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚытайда 23 қаңтарға қараған түні болаған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар туралы ақпарат шықты. Төтенше жағдайлар қызметі зардаптарды жоюды жалғастыруда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам жараланған. Бұл туралы ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттік ақпаратынша, зілзала болған жерде табиғи апаттың зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 02:09-да (Астана уақытымен 00:09) Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Ақсу ауданы, Ушиде (Учтурфан) магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Бұған дейін зілзаладан аймақта 47 үй толығымен қирап, тағы 78 үй зақымданғаны хабарланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2057176-qytaidagy-zer-silkinisi-saldarynan-us-adam-qaza-tapty/