НАТО кейінгі онжылдықтағы ең ірі әскери жаттығуы басталғанын жариялады
Жарияланған күні:
НАТО кейінгі онжылдықтағы ең ірі әскери жаттығуы басталғанын жариялады. Бұл туралы альянстың ресми өкілі Дилан Уайт Х желісінде осындай мәлімдеме жасады.
Осылайша әскери альянстың кейінгі онжылдықтағы Steadfast Defender 2024 ең ірі әскери жаттығулары басталды.
"АҚШ-тың Gunston Hall әскери кемесі бүгін НАТО-ның кейінгі онжылдықтардағы ең ірі жаттығулары - Steadfast Defender 2024 басталуының белгісі ретінде жүзіп кетті", - делінген Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.
Дилан Уайттың айтуынша, жаттығулар Атлантика мен Еуропада өтеді және бірнеше айға созылады. Оған 90 мың әскери қызметші қатысады.
Сондай-ақ НАТО сайтында Канада Корольдік Әскери-теңіз күштерінің "Шарлоттетаун" кемесі осы айдың аяғында Жаңа Шотландияның Галифакс қаласынан Еуропаға аттанатыны айтылған. Альянстың мәлімдемесінде НАТО осылайша Солтүстік Америкадан трансатлантикалық күштерді тасымалдау арқылы еуроатлантикалық аймақты нығайту қабілетін көрсететіні атап өтілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2057419-nato-keiingi-onzyldyqtagy-en-iri-askeri-zattyguy-bastalganyn-zariyalady/