Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден cөзден шатасып, Трампты АҚШ-тың "қазіргі президенті" деп атады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Джо Байден
Джо Байден. Фото: Frederick M. Brown/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Оңтүстік Каролинадағы Демократиялық партияның кешкі асында сөйлеген сөзінде қателесіп, Трампты "қазіргі президент" деп атады. Бұл туралы деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Байденнің сахнадағы сөйлеген сөздері желіде жиі талқыға ұшырайды. Басылым ақпаратынша, бұл жолы ол өзінің алдында ел басқарған Дональд Трампты "қазіргі АҚШ президенті" деп атаған.

"Жақында біз америкалық тұтынушылардың экономиканға шынайы сенімі қайта пайда болатынын көреміз. Оны тағы кім көретінін білесіздер: Дональд Трамп. Жақында оның не айтқанын көрдіңіз бе? Ол биыл экономиканың күйрегенін қалайтынын айтты. Қазіргі президент, Құдайкешірсін", - деді Джо Байден.

Содан кейін ол Трампты "бұрынғы президент" деп атады және бірде-бір америкалық ел экономикасының күйреуін қаламауы керек екенін атап өтті.

Байден сондай-ақ Трамптың кейбір пікірлері оны ашуландырып, сабырлығын жоғалтқаны үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2057892-baiden-cozden-satasyp-trampty-aqs-tyn-qazirgi-prezidenti-dep-atady-video/