Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияның барлық жерінде дерлік қоғамдық көліктер тоқтап қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Берлин
Берлин. Көрнекі фото: pixabay.com

Германияда автобус, трамвай және метро жүргізушілерінің ереуілі өтті қалалық қоғамдық көлік түгелге жуық тоқтап қалды, деп хабарлайды DW.

2 ақпанда автобус, трамвай және метро жүргізушілері жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты.

Кәсіподақ инфляцияның өсуі аясында 90 мың адамның жалақысын көтеруді көздеп отыр. Олар сондай-ақ осы саладағы жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуды – жалақыны 20 пайызға арттыруды, жұмыс күнін қысқартуды, ауысым арасындағы демалысты көбейтуді және демалысты ұзартуды талап етуде.

Ереуілге Бавариядан басқа барлық федералды штаттың жүргізушілері шықты.

Айта кетейік, қаңтарда да Германияда ереуіл болды: машинисттер жұмысын тоқтатты, ал фермерлер жолдарды жауып тастады.

Машинисттер жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуға талап етті. Қаңтардың екінші онкүндігінде бірнеше күн бойы Германиядағы наразылық шаралары салдарынан теміржол жұмысында кідіріс болды.

Фермерлер де Германия үкіметімен келіссөздер жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2058981-germaniyanyn-barlyq-zerinde-derlik-qogamdyq-kolikter-toqtap-qaldy/