Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусьте балалы болудан бас тартуды насихаттағандар жазалануы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Екіқабат келіншек
Екіқабат келіншек. Көрнекі фото: pixabay.com

Беларусь мемлекетінің бас прокуроры Андрей Швед бала туудан бас тартуды насихаттағаны үшін жаза енгізу туралы заң жобасы дайындалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ БелТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь мемлекетінің бас прокуроры Андрей Швед Өкілдер палатасы мен Республика кеңесінің отырысында бала туудан бас тартуды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізгісі келетінін айтты.

Оның айтуынша, тиісті заң жобасы дайын.

"Прокуратураның бастамасымен қалыпты саналмайтын қарым-қатынасты, педофилияны және бала туудан өз еркімен бас тартуды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін заң жобасы әзірленді. Бұл заң жобасы қазір мақұлдау кезеңінен өтіп жатыр", - деді Швед.

Бас прокурордың сөзінше, балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталғандарға қатысты медициналық шаралар қабылданған.

Беларусь мемлекетінің бас прокуроры бұл тақырыптарға бей-жай қарамау керегін де атап өтті.

Айта кетейік, жыныстық қатынасты насихаттағаны, жынысын ауыстырғаны, педофилия, бала туудан бас тарту үшін жаза енгізуді былтыр шілдеде Беларусь президенті Александр Лукашенко қолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2061849-belaruste-balaly-boludan-bas-tartudy-nasixattagandar-zazalanuy-mumkin/