Байден Италия премьер-министрін басынан сүйіп алды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желілерде АҚШ президенті Джо Байден мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелонидің кездесуінен видео пайда болды. Кадрларда АҚШ басшысы Мелониді басынан сүйген.
Видео шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.
РИА Новости мәліметінше, кадр Байден мен Мелонидің Ақ үйде өткен кездесуінен кейін түсірілген.
Басылым жазуынша, кездесуде саясаткерлер америкалық көшбасшы Украинамен шатастырып алған Газа секторына азық-түлік пен кару-жарақ жіберу мәселесін талқылаған.
Келіссөздерден кейін Байден Италия премьер-министрін басынан сүйіп қоштасты.
Желідегілер АҚШ президентінің әрекетін әр түрлі қабылдады. Кейбір пайдаланушылар оның әрекетін сыпайылық десе, енді бірі Байденді сынға алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2064244-baiden-italiya-premer-ministrin-basynan-suiip-aldy-video/