Джо Байден Дональд Трамппен пікірталасқа қатысудан бас тартты
Жарияланған күні:
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қазіргі лидер Джо Байденді елдің болашағын талқылау үшін сайлауалды пікірталасқа шақырды. Алайда Байден бас тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
РБК-ның хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденді пікірталасқа шақырды. Ол мұны Truth әлеуметтік желісінде жарияланған. Трамп бұл диалог Америка Құрама Штаттарының игілігі үшін маңызды екенін айтады.
"Сондықтан мен пікірталас талап етемін. Кез келген уақытта, кез келген жерде", - дейді Трамп.
Джо Байден Трамптың шақыруына жауап берді.
CNBC хабарлауынша, бұл Лас-Вегаста тілшілермен кездесу кезінде болған.
"Оның орнында болсам, мен де өзіммен дауласқым келер еді", - деді Байден Трамптың "істейтін басқа шаруасы жоқ екеніне" меңзеп.
Трамптың жалғыз қарсыласы Никки Хейли Республикалық партияның атынан үміткерлік бәсекеден бас тартқанымен, экс-президентті қолдамағаны белгілі болды. Осылайша қазіргі уақытта АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан Дональд Трамп қана үміткер болып отыр.
Сонымен қатар, NBC News хабарлауынша, Демократиялық партияның атынан үміткерлер:
- Джо Байден;
- Дин Филлипс.
Тәуелсіз кандидаттар:
- қоғам белсендісі және жазушы Корнел Уэст;
- қоғам белсендісі әрі дәрігер Джилл Стейн;
- Кіші Роберт Кеннеди.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2064980-dzo-baiden-donald-tramppen-pikirtalasqa-qatysudan-bas-tartty/