Уэльс ханшайымы Кейт Миддлтон қатерлі ісікке шалдығып, химиотерапиядан өтіп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомУэльс ханшайымы Кейт Миддлтон қатерлі ісікке шалдығып, ем алып жатыр. Кенсингтон сарайы оның қазір профилактикалық химиотерапияның бастапқы сатысынан өтіп жатқанын хабарлады.
Ханшайымнан қаңтар айында жасалған отадан кейінгі сынақтар кезінде қатерлі ісік анықталды.
Оның жаман аурудың қай түріне шалдыққаны туралы айтылмады.
Кейт химиотерапияны ақпан айының соңында бастады.
Ханшайым Кейт былай деп видеоүндеу жазды:
"Әрине, бұл - үлкен соққы болды. Уильям екеуміз мұны түсініп, жас отбасымыз үшін аурумен күресуге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл көп уақыт алды. Маған ауыр операциядан кейін қалыпқа келіп, (онкологиялық) емделуді бастау үшін уақыт қажет болды. Ең бастысы, бізге Джордж, Шарлотта және Луиге түсіндіріп, бәрі жақсы болатынына сендіруге уақыт керек болды.
"Мен оларға денім сау екенін, ақыл-ойыммен, жан-тәніммен емделіп, денсаулығым күн сайын жақсарып келе жатқанын айттым", - деді ханшайым.
Қаңтар айында ота жасатқаннан бері Кейт көпшілікке көрінбей кетті, бұған қатысты қауесеттер де тарады. 10 наурызда ол күйеуімен және балаларымен түскен суретін жариялады, кейін ол суреттерді алып тастаған.
Кейт фотосуретті өңдеу үшін алып тастағанын айтып, кешірім сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072472-uels-xansaiymy-keit-middlton-qaterli-isikke-saldygyp-ximioterapiyadan-otip-zatyr/