Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда қалалардың бірінде өткен сайлаудан кейін наразылық шерулері басталды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түркиядағы шеру
Түркиядағы шеру. Фото: Berkcan Zengin / Middle East Images / AFP via Getty Images

Түркияда жалпыұлттық муниципалды сайлау кезінде Ван қаласының мэріне үміткерлердің бірінің қорытындысы жойылды. Бұл саясаткерлердің наразылығын тудырып, бірқатар қалада шерулер басталғаны хабарланды.

Түркияда сайлау органдары Ван қаласының мэріне үміткердің қорытындысын соңғы сәтте жойды. Бұл азаматтардың наразылығын тудырды, сонымен қатар оппозиция тарапынан да сынға ұшырады.

Түркияның Иранмен шығыс шекарасына жақын орналасқан Ван қаласында жексенбі күні өткен жалпыұлттық муниципалды сайлауда DEM партиясының өкілі Абдулла Зейдан 55 пайыздан астам дауыс жинаған болатын. Оның бәсекелестері Әділет және даму партиясының кандидаты Абдулахат Арвас (27 пайыздан сәл астам дауыс жинады) және Қайта өрлеу партиясының кандидаты Абдулла Садыксой (5,37 пайыз дауыс жинады), деп хабарлайды BBC.

Зейданның сайлаудан шеттетілген соң жеңіс автоматты түрде президент Режеп Тайип Ердоғанның Әділет және даму партиясынан үміткеріне берілген.

Sabah басылымы мәліметінше, бұл шешімнен кейін наразы болғандар тобы қалада шеруге шыққысы келген, бірақ оларға рұқсат берілмеген. Одан кейін адамдар көшелердегі гүлзарларды бұзып, полицияға тас лақтыра бастады. Тәртіп сақшылары шеруге шыққандарға бұрыш спрейін шашып, таратуға тырысты.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая шерулер кезінде 89 адамның ұсталғанын айтты.

"Барлығы 89 күдікті қамауға алынды: Ванда 26 адам, Хаккариде 38 адам, Сииртте 4 адам, Батманда 5 адам, Ширнакте 10 адам және Измирде 6 адам ұсталды" , - деді ол.

Ескерту: видеода зорлық-зомбылық көріністері бар! Психикасы әлсіз адамдарға , жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға видеоны қарау ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2077901-turkiyada-qalalardyn-birinde-otken-sailaudan-keiin-narazylyq-seruleri-bastaldy-video/