Әлемге әйгілі дизайнер Роберто Кавалли өмірден өтті
Жарияланған күні:
Танымал италиялық дизайнер Роберто Кавалли 84 жасында өмірден өтті. Белгілі модельердің өлімі туралы ақпарат оның сән үйінің ресми Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Компания дизайнердің жақындарына қайғыра көңіл айтты.
Сән үйдің бас директоры Роберто Каваллидің қалдырып кеткен мұрасы көптеген адамдарды шабыттандыратынын жеткізді,
"Жатқан жерің жайлы болсын. Сені қатты сағынатын боламыз. Сені бәрі жақсы көреді. Сенің атың тарих болып жазылып, басқа адамдардың, әсіресе менің шабытыма ерекше әсерін тигізетіні сөзсіз", - деп жазды сән үйдің креативті директоры Фаусто Пулиси.
Италиялық БАҚ-қа сүйенген РБК басылымының хабарлауынша, Кавалли соңғы жылдары ауыр дертке шалдыққан. Дизайнердің алты баласы бар. Ең кенже ұлы өткен жылы ғана дүниеге келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2084084-alemge-aigili-dizainer-roberto-kavalli-omirden-otti/