Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Google компанияның Израильмен ынтымақтастығына қарсы болған 28 қызметкерін жұмыстан шығарды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Google компаниясының штаб-пәтері
Google компаниясының штаб-пәтері. Көрнекі фото: Marlena Sloss/Bloomberg via Getty Images

Google осы аптада компанияның Израиль үкіметімен жасалған келісім-шартқа наразылық білдірген 28 қызметкерін жұмыстан шығарғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның жаһандық қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Крис Раков қызметкерлер Нью-Йорк пен Саннивейлдегі (Калифорния) компания кеңселерінде өткен наразылық акцияларына қатысқаны анықталғаннан кейін жұмыстан шығарғанын айтты.

"Қызметкерлеріміздің басым көпшілігі дұрыс әрекет етті. Егер сіз саясатымызды бұзатын болсаңыз, қайтадан ойланыңыз", - деп жазды Раков.

16 сәуірде полиция 10 сағатқа созылған ереуілден кейін Google-дың тоғыз қызметкерін қамауға алған еді. Саннивейлдегі наразылық білдірушілер Google Cloud бас директоры Томас Курианның кеңсесін басып алды.

Айта кетсек, Time журналындағы Google компаниясының Израиль қорғаныс министрлігіне белгілі бір қызметтерді ұсынатыны туралы мақаладан кейін қызметкерлер наразылыққа шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2087045-google-kompaniyanyn-izrailmen-yntymaqtastygyna-qarsy-bolgan-28-qyzmetkerin-zumystan-sygardy/