Парижде Жерар Депардье сексуалдық зорлық-зомбылық күдігімен ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомФранцуздың әйгілі актері Жерар Депардье сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен Париждегі полиция бөлімшесіне жеткізілді. Актер өзіне тағылған айыпты мойындамады. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, Жерар Депардье сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Парижде ұсталды. Қазір ол полиция бөлімшесінде тергеліп отыр, тергеу аяқталғаннан кейін актер қамауға алынуы мүмкін.
"Екі әйел актердың үстінен сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп шағым түсірді, олардың айтуынша, бұл жайт 2014 жылы "Маг и сиамцы" (Magicien et les Siamois, 2015), 2021 жылы "Зеленые ставни" (Les Volets verts, 2022) атты екі фильмнің түсірілім алаңында болған. Алайда Жерар Депардье тағылған айыптарды жоққа шығарды", - деп жазды басылым.
Актердің үстінен арыз жазған әйелдердің бірі Депардье дәлізде отырған кезде оның аяғынан ұстап, жамбасына қол тигізгенін айтқан, кейін оның ұятты жерлеріне қол сұғып, жыныстық қарым-қатынасқа түсуге ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Содан соң, әйелдің сөзіне сүйенсек, түсірілім тобының өзге мүшелері әйелге көмекке келген.
Еске салайық, актерге тағылған жаңа айыптар жайлы ақпарат ақпанның аяғында жарияланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2093009-parizhde-zherar-deparde-seksualdyq-zorlyq-zombylyq-kudigimen-ustaldy/