Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда тасжол опырылып, 19 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі: pixabay.com

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында автомагистраль опырылып, ондаған адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды.

Апат салдарынан кемінде 19 адам опат болды, тағы 30 адам ауруханада жатыр, деп жазады РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай бүгін Гуандун провинциясынан Фуцзянь провинциясына апаратын автожолда болды. Үйінді астында 18 көлік қалғаны мәлім болды.

Қытай телеарнасы көліктер табылғанын, 19 адам қаза тауып, 30 адам жараланғанын хабарлады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр, олардың өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.

Опырылған төсемнің ұзындығы – 17,9 метр, ауданы – 184,3 шаршы метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2094158-qytaida-tas-zhol-opyrylyp-20-ga-zhuyq-adam-qaza-tapty/