Ресейде белгісіз заттан уланып, бес адам қайтыс болды, тағы 11 адам жансақтау бөліміне түсті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстрахань облысында бес адам белгісіз затқа уланып, қаза тапты. Тағы 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Тергеу комитетінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
РФ Тергеу комитетінің Астрахань облысы бойынша тергеу басқармасының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 8 мамырдан 9 мамырға қараған түні Астрахань қаласының Советский және Трусовский аудандарында әртүрлі жерлерден, соның ішінде көліктен 18-ден 40 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдердің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы есірткі пайдаланған.
Бес адамның өлімі бойынша тергеу органдары РФ Қылмыстық кодексінің 109-бабының 3-бөлігі – "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша іс қозғады.
Тергеу нұсқауы бойынша, бес адамның да өлімінің алдын ала себебі – белгісіз заттан улану.
Сондай-ақ Астрахань облысының қала және оған жақын аудандарының 14 тұрғыны белгісіз заттан улану диагнозымен ауруханаға түсті, оның 11-і ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
"Қылмыстық іс бойынша оқиға болған жерлерге тексеру жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды, куәгерлерден жауап алынды, жәбірленушілердің ұялы телефондары тәркіленді", – делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2098013-reseide-belgisiz-zattan-ulanyp-bes-adam-qaitys-boldy-tagy-11-adam-zhansaqtau-bolimine-tusti/