Сергей Шойгу Ресей қорғаныс министрі қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесей президенті Владимир Путин Сергей Шойгуды Ресей қорғаныс министрі қызметінен босатып, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев басқа жұмысқа ауысуына байланысты хатшылық қызметінен босатылды.
Оның айтуынша, Шойгу бір мезгілде Путиннің әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі комиссиядағы орынбасары болады және бір күн бұрын Қорғаныс министрлігінің қарауынан алынып, президенттің қарауына берілген Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметтің жұмысын қадағалайды.
Басылым ақпаратынша, Шойгу 2012 жылдан бері Ресей қорғаныс министрі қызметін атқарып келген. Қорғаныс министрі болғанға дейін 2012 жылдың мамыр-қараша айларында Мәскеу облысының губернаторы болған. Сондай-ақ ол 1994 жылдан 2012 жылға дейін Төтенше жағдайлар министрлігін басқарған.
Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда Ресейде Владимир Путиннің ұлықтау рәсімі өтті – ол бесінші рет Ресей Федерациясының президенті болып сайланды. Ол бұл қызметті алты жыл, 2030 жылға дейін атқарады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2099267-sergei-shoigu-resei-qorganys-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/