Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Белгородта жарылыс болып, көпқабатты тұрғын үй опырылды: 13 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Белгородтағы жарылыс кезінде қираған үй
Белгородтағы жарылыс кезінде қираған үй: t.me/bazabazon

Белгородта үйінді астында қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Көпқабатты тұрғын үйдің қирандыларынан 13 адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған дейін құтқарушылар қаза тапқандардың арасында екі бала бар екенін хабарлаған .

"Құтқарушылар Белгородта үйінді астынан тағы үш адамның, оның ішінде екі баланың денесін шығарды", - делінген министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында.

Бұған дейін облыс губернаторы Вячеслав Гладков оқиға орнында құтқару операциясы түні бойы жүргізілгенін айтқан. "Қаза тапқандардың тізімі құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана жарияланады", - деп жазды ол.

"Үйдің подъездеріне өзін-өзі қорғау жасақтары кезекшілік етуде. Еріктілер ыстық тамақ пен сусындармен қамтамасыз етілді. Олар құтқарушыларды тамақтандырады. Барлық тұрғын басқа жерге көшірілді. Олардың кейбірі туыстарына, кейбірі атқылаудан қауіпсіз аумақтардағы уақытша орналастыру пунктеріне жөнелтілді", - деді Гладков.

Таңертең облыс орталығы мен оның маңындағы аудандар Украина тарабынан жаппай атқылауға ұшырады, деп жазды бұған дейін губернатор.

Оның айтуынша, снарядтардың бірі көпқабатты үйге түсіп, үйдің ортаңғы бөлігі қираған.

Жедел қызметтерге сілтеме жасаған ресейлік ақпарат агенттіктері жарылыс салдарынан ғимарат түгел дерлік зақымданғанын хабарлады – Щорс көшесіндегі он қабатты панельді үйде 16 пәтер опырылып құлады.

Сондай-ақ жексенбі күні кешке Белгородты атқылаудан үш адам қаза тапты.

"Бүгін Белгород қаласы тағы да Украина қарулы күштерінің жаппай атқылауына ұшырады. Үш бейбіт тұрғын қайтыс болды – он жеті жасар қыз, әйел және ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - деп жазды губернатор Гладков Telegram-дағы ресми арнасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, тағы бес адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2099291-belgorodta-zharylys-bolyp-kopqabatty-turgyn-ui-opyryldy-13-adam-qaza-tauyp-tagy-ondagan-adam-zharaqat-aldy/