Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкектегі тәртіпсіздік: Қырғызстан мен Пәкістан СІМ басшылары Астанада кездеседі

Жарияланған күні:

Бішкектегі тәртіпсіздік
Бішкектегі тәртіпсіздік. Фото: 24.kg

Пәкістанның вице-премьері және Сыртқы істер министрі Мохаммад Исхак Дар Қырғызстанның СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен Астанада кездесу өткізеді. Бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның ақпаратына сәйкес, 19 мамыр күні Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінде СІМ басшысының орынбасары Авазбек Атаханов пен ҚР-дағы Пәкістан елшісі Хасан Али Зайгаммен кездесті.

"Хасан Али Зайгам 18 мамыр күні шетелдік студенттер (олардың қатарында Пәкістан азаматтары да бар) қатысуымен болған оқиғаға қатысты ақпарат алуға жәрдемдескені үшін Қырғызстан тарабына алғысын айтты", - делінген материалда.

Атаханов тәртіпсіздік тоқтатылғанын айтып, жағдай Қырғыз республикасының құқық қорғау органдарының жіті бақылауында екенін жеткізді. Бүгінде оқиғаға қатысы бар адамдарға қатысты тергеу жұмыстары басталған.

Қос тарап Қырғыз елінің СІМ басшысы Жээнбек Кулубаев пен Пәкістанның премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мохаммад Исхак Дардың кездесуін 21 мамыр күні Астанада ШЫҰ СІМК аясында өткізуді келісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2103170-bishkektegi-tartipsizdik-qyrgyzstan-men-pakistan-sim-basshylary-astanada-kezdesedi/