Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістан арнайы бортпен Қырғызстаннан 180 студентті алып кетті

Жарияланған күні:

Пәкістандық студенттер
Пәкістандық студенттер. Видеодан кадр: PTVNews

Пәкістан билігі Бішкекте болған тәртіпсіздіктен кейін арнайы рейспен Қырғызстаннан 180 студентін алып кетті. Бұл туралы жергілікті PTVNews басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Пәкістандық БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, 19 мамыр күні Лахор қаласына 180 студент ұшып келді. Пәкістан билігі оларды Бішкектен арнайы бортпен жеткізді.

Студенттерді әуежайдан Пәкістанның Сыртқы істер министрі күтіп алған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан. Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Қырғыз БАҚ-ы таратқан хабарламада бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны айтылған.

17 мамыр күні түнде осы жайтқа байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды. Тәртіп сақшылары наразылыққа шыққандарды таңға жуық таратқан.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылық шарасына барлығы мыңға жуық адам қатысқан.

Төбелес шығарған шетелдіктер ұсталып, қырғыз халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған.

Сомен қатар Қырғызстанның Сыртқы істер министрі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Пәкістан мен Қырғызстанның СІМ басшылары Астанада ШЫҰ СІМК аясында кездесетін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2103197-pakistan-arnaiy-bortpen-qyrgyzstannan-180-studentti-alyp-ketti/