Ирандағы тікұшақ апаты: желіде төтенше жағдай орнында түсірілген видео жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Ирандағы тікұшақ апатынан қаза тапқандардың денесі тасымалданып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігінің X-тегі аккаунтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Иранның ақпарат агенттіктері мен журналистері Иран президенті Ибрахим Раиси мен өзге де үкімет өкілдері мінген тікұшақ құлаған жерден жаңа видео жариялады.
IRNA ақпарат агенттігі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеген видеода марқұмдардың денесі тасымалданып жатқаны көрінеді.
Сондай-ақ жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, марқұмдардың денесін іздеу жұмыстары аяқталды. Қаза тапқандардың барлығының денесі апат орнынан Тебризге жеткізіледі. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының (IRCS) басшысы Пир-Хосейн Куливанд мәлімдеді.
"Тікұшақта болған барлық жолаушының денесі жедел жәрдемге жеткізіліп, Тебриз зиратына жеткізіледі", - деп жазады Tasnim агенттігі оның сөзіне сүйеніп.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2103716-irandagy-tikushaq-apaty-zhelide-totenshe-zhagdai-ornynda-tusirilgen-video-zhariialandy/