Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкектегі тәртіпсіздік: шетелдіктерге шабуыл жасады делінген күдіктілер ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қырғызстан полициясы шетелдіктерге шабуыл жасады деген күдікпен елдің үш азаматын ұстады. Бұл туралы Kabar ақапарттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігінің журналистерге хабарлауынша, 2005 және 2006 жылы туған үш жігіт ұсталды.

"Үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін полиция бұл факт бойынша Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207-бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан. Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Қырғыз БАҚ-ы таратқан хабарламада бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны айтылған.

18 мамырға қараған түні осы жайтқа байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды. Тәртіп сақшылары наразылыққа шыққандарды таңға жуық таратқан.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылық шарасына барлығы мыңға жуық адам қатысқан.

Төбелес шығарған шетелдіктер ұсталып, қырғыз халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасап, пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104083-bishkektegi-tartipsizdik-sheteldikterge-shabuyl-zhasady-delingen-kudiktiler-ustaldy/