Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондоннан ұшып шыққан ұшақ турбуленттілікке тап болып, жолаушы қайтыс болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
ұшақ іші
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Лондоннан Сингапурға ұшқан Boeing 777-300ER ұшағы қатты турбуленттілікке тап болды. Салдарынан бір адам қаза тапты, жараланғандар да бар, деп хабарлайды Singapore Airlines-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Лондон-Сингапур рейсін Singapore Airlines компаниясы орындады. Әуе компаниясының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, ұшақ қатты турбуленттілікке тап болған.

Экипаж Бангкокқа қонуға мәжбүр болды.

"Boeing 777-300ER бортында зардап шеккендер барын және бір адам қаза болғанын растаймыз. Бортта барлығы 211 жолаушы мен 18 экипаж мүшесі болды, - деп хабарлады әуе компаниясы.

Singapore Airlines компаниясының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Біздің басты міндетіміз – барлық жолаушы мен экипажға көмек көрсету. Біз қажетті медициналық көмек көрсету үшін Таиланд билігімен ынтымақтастық орнатып жатырмыз және қажетті кез келген қосымша көмек көрсету үшін Бангкокқа топ жібереміз", - делінген компанияның мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104566-londonnan-ushyp-shyqqan-ushaq-turbulenttilikke-tap-bolyp-zholaushy-qaitys-boldy/