Ресейде "жеке тұлғалардың мәлімдемелері мен қоқан-лоқысына жауап ретінде" ядролық жаттығу басталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесейде стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдану бойынша әскери жаттығулар басталғаны жарияланды. Бұл жөнінде Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ресей Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Telegram-дағы арнасында Ресей Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының (президент Владимир Путин) тапсырмасына сәйкес "стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдану бойынша тәжірибелік пысықтаумен" оқу-жаттығудың бірінші кезеңі басталғанын хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігі өткізіліп жатқан оқу-жаттығудың мақсаты "стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасының жауап беруге дайындығын қолдау және Батыстың жекелеген шенеуніктерінің Ресей Федерациясына қарсы арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоқысына жауап ретінде Ресей мемлекетінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сөзсіз қамтамасыз ету" екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104701-reseide-zheke-tulgalardyng-malimdemeleri-men-qoqan-loqysyna-zhauap-retinde-iadrolyq-zhattygu-bastaldy/