Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вьетнамда жаңа президент сайланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Вьетнам президенті То Лам
Вьетнам президенті То Лам. Фото: Dang Anh/AFP/Getty Images

Вьетнамның бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі генерал То Лам елдің жаңа президенті атанды. Оны Вьетнам Ұлттық ассамблеясының мүшелері сайлаған.

Вьетнамның VNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 22 мамырда Ханойда өткен Ұлттық ассамблеяның 7-ші сессиясында генерал То Лам Вьетнам президенті болып сайланды.

Агенттік дерегінше, 473 депутаттың 472-сі Саяси бюро мүшесі және қоғамдық қауіпсіздік министрі генерал То Ламды мемлекет басшысы етіп сайлаған.

РИА Новости агенттігінің ақпараты бойынша, генерал-полковник То Лам 66 жаста, ол өзінің мансабында бүгінге дейін Ішкі істер министрлігі мен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінде (ҚҚМ) қызмет атқарып келген.

1993-2010 жылдары ол ҚҚМ басқармалары мен бас басқармаларында басшылық қызметтерді атқарып, саяси қорғау және контрбарлау бөлімшелеріне жетекшілік еткен.

2010 жылы ол Қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары болып тағайындалды, ал 2016 жылы министр лауазымын атқарып, ВКП Орталық Комитетінің саяси бюросына мүшелік етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2104860-vetnamda-zhanga-prezident-sailandy/