Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеу түбінде үй өртеніп, 8 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Өрт шыққан үй
Өрт шыққан үй. Фото: РФ ТЖМ

Ресейдің Мәскеу қаласы түбіндегі Истра қаласында саябақ серіктестігінде өрт шықты. Кейінгі ақпарат бойынша сегіз адам қаза тапты. Өрт сөндіріліп, апат себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды РФ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауданы 80 шаршы метр болатын тұрғын үйде өрт шыққан.

Мәскеу облысы прокуратурасының өкілдері екі адам зардап шеккенін, олар ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Өрт таңғы сағат 4-те шыққан, ал үй газдандырылмаған, жалға берілген.

Сонымен қатар осы дерек бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру туралы қылмыстық іс қозғалды (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322.1-бабы 2-бөлігінің "а" тармағы).

"Тергеу мәліметтері бойынша, 23 жастағы ер адам жеке үйді жалға алған, ол кейіннен Ресей Федерациясының аумағында тіркелмеген шетелдік азаматтарға тұруға берілген. Истра қалалық прокуратурасы қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижелерін, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар басқа адамдарды анықтауды бақылауға алды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2105946-maskeu-tubinde-ui-ortenip-8-adam-qaza-tapty/