Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран президенті қаза тапқан тікұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала нәтижесі жарияланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тікұшақ апатқа ұшыраған жер
Иран предиденті мінген тікұшақ апатқа ұшыраған жер. Фото: Azin Haghighi / Moj News Agency/Anadolu via Getty Images

Иран қарулы күштерінің бас штабы Иран президенті мен сол елдің сыртқы істер министрінің өмірін қиған тікұшақ апатының себептері туралы алдын ала есеп жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті ирандық БАҚ жариялады.

Журналистердің жазуынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес тікұшақ жоспарланған бағыт бойынша жүріп, ұшу бағытын өзгертпеген.

Апатқа бір жарым минут қалғанда ұшқыш тағы екі тікұшақтың экипажымен байланысқа шыққан.

Апатқа, алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақтың төбемен соқтығысуы себеп болған.

Апатқа ұшыраған тікұшақтың сынықтарынан оқ іздері табылмаған. Диспетчерлер мен экипаж арасындағы әңгімеде де күдікті ештеңе байқалмаған..

Құлаған тікұшақты іздестіру жұмыстарының тұман мен кедір-бұдыры көп жерлерге байланысты түні бойы жалғасқаны атап өтілді.

Еске салсақ, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ елдің солтүстік-батысында апатты жағдайда қонғаны хабарланып, бірнеше сағат өтсе де табылмай жатқанын жазған едік.

IRNA агенттігі Иранның вице-президенті Мохсен Мансуридің сөзіне сілтеме жасап, тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін Иран президенті Ибрахим Раисидің жанындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын хабарлаған.

Алайда Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хосейн Салами ирандық телеарнаға Раиси ұшқан тікұшақтың жолаушылары ұшақ қатты қонғаннан кейін байланысқа шыққаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан.

20 мамырда апатта жағдайда қонған тікұшақтың бөлшектері табылғаны мәлім болды. Кейін Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны хабарланды.

Ибрахим Раисидің қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.

Сонымен қатар Иран президентінің өкілеттігі Раисидің бірінші орынбасары, вице-президент Мохаммад Мохберге берілген болатын.

Кейін қайғылы жағдайға байланысты елде бес күндіз аза тұту күні жарияланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, Ибрахим Раиси мен үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2106279-iran-prezidenti-qaza-tapqan-tikushaq-apatyna-qatysty-tergeuding-aldyn-ala-natizhesi-zhariialandy/