Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Халықаралық сот Израильге Газадағы Рафахқа шабуылын тоқтатуды міндеттеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Халықаралық сот алқабилері
Халықаралық сот алқабилері. Фото: NICK GAMMON/AFP via Getty Images

Сот Палестина халқына "тікелей қауіп төнгенін" айтып, Израиль Рафахтағы әскери шабуылын және басқа да әрекеттерін дереу тоқтатуы керек деп қаулы етті.

БҰҰ халықаралық сотының төрағасы Наваф Салам сот Израильге Рафахтағы шабуылын тоқтатуды бұйырғанын, себебі қазіргі жағдай Газа тұрғындарының құқығына орны толмас зиян келтіру қаупін төндіретінін айтты.

Оның айтуынша, Халықаралық сот алдыңғы шешімдерін шығарғаннан кейін жағдай өзгерген және осы іс бойынша жаңа төтенше шаралар қабылдауға себеп болатын шарттар орындалған.

Халықаралық сот Израильді бір ай ішінде сотқа бүгін бұйырылған шаралардың орындалу барысы туралы есеп беруге міндеттеді.

"Сот кепілге алынғандардың тағдырына қатты алаңдаушылық білдіреді... және оларды дереу және сөзсіз босатуға шақырады. Біз олардың көбінің әлі де тұтқында жатқанына қатты алаңдаймыз", - деді Наваф Салам.

Халықаралық сот Израильге мыналарды бұйырды:

  • Рафахтағы әскери операцияны тоқтат;
  • Гуманитарлық көмектің үлкен көлемде жеткізілуіне мүмкіндік беру үшін Мысырмен шекаралас Рафах һткізу бекетін ашу;
  • Тергеушілер мен фактілерді анықтау миссияларының Газаға кіруін қамтамасыз ету;
  • Осы шаралардың орындалу барысы туралы бір ай ішінде сотқа есеп беру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2106672-halyqaralyq-sot-izrailge-gazadagy-rafahqa-shabuylyn-toqtatudy-mindettedi/