Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арменияда Пашинянның тікұшағы стадионға шұғыл қонған (видео)

Жарияланған күні:

Никол Пашинян
Никол Пашинян. Фото: Акорда

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның тікұшағы ауа райының қолайсыздығынан Ванадзор қаласына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Sputnik Арменияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, кеше, 25 мамырда Никол Пашинянның тікұшағы Арменияның Ванадзор қаласындағы стадионға шұғыл қонған. Мұны Facebook желісінде Армения премьер-министрінің өзі растады.

"Бәрі жақсы, ауа райының қолайсыздығына байланысты біздің тікұшақ Ванадзорға жоспардан тыс қонды. Қазір сапарымызды көлікпен жалғастырып жатырмыз. Бәрімізге күн сәтті өтсін", - деп жазды ол.

Сонымен бірге Пашинян жоспардан тыс қону орыннан видео жариялады.

Sputnik Арменияның хабарлауынша, премьер-министр Әзірбайжанмен шекарада орналасқан Тавуш облысындағы Баганис ауылына бет алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2106984-armeniiada-pashiniannyng-tikushagy-stadionga-shugyl-qongan-video/