"Барлық 60 сайлау округінде жеңіске жеткен": Литвада президент сайланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЛитвада президент сайлауының екінші турында елдің қазіргі президенті Гитанас Науседа 74,43 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым мәліметінше, елдің бас сайлау комиссиясы 1895 сайлау учаскесіндегі барлық мәліметті өңдеген. Нәтижесінде Литваның қазіргі президенті Гитанас Науседа 74,43 пайыз дауыс жинап, сайлаудың екінші турында жеңіске жетті.
Ал Науседаның қарсыласы – Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните 24,06 пайыз дауыс жинады. Шимоните дауыстарды санау аяқталмай тұрып Науседаны құттықтады. Науседа оған "дұрыс күресі" үшін алғыс айтты.
Гитанас Науседа сайлау штабында журналистермен кездесу барысында Литваның бұрынғы бағытын жалғастыруға ниетті екенін айтқан.
Сайлау комиссиясының мәліметінше, Науседаға елдегі жалпы сайлаушылардың 36,59 пайызы дауыс берген. Ережеге сәйкес, екінші турда кандидат дауыс беруге құқығы бар адамдардың жалпы санының кемінде үштен бірін алуы керек. Науседа Литвадағы барлық 60 сайлау округінде жеңіске жетті.
Литвада президент бес жыл мерзімге сайланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2107317-litvanyng-prezidenti-sailandy/