Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы автобус апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма: СІМ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Жол апатына ұшыраған автобус маңында адамдар жүр
Түркияда жол апатына ұшыраған автобус. Видеодан кадр: Halk TV

Түркиядағы ірі жол апатынан қазақ тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша жолаушылардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр Түркиядағы автобус апатында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы портал тілшісінің сұрағына жауап берді.

"Алдын ала ақпарат бойынша біздің азаматтар жоқ", - деді Айбек Смадияр.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Түркияда автобус пен бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, салдарынан 11 адам қаза тауып, кемінде 38 адам жарақат алған.

Адана қаласынан келе жатқан автобус күн жаңбырлы болғандықтан сырғанап барып, аударылып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Оқиға орнынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2107323-turkiiadagy-avtobus-apatynda-zardap-shekkender-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma-sim-okili-zhauap-berdi/