Әлемдегі ең қарт стюардесса қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлемдегі жұмыс өтілі ең көп стюардесса Бетт Нэш 88 жасында қайтыс болды. Ол 70 жылдан астам уақыт бортсерік болып қызмет еткен.
Нэштің қайтыс болғанын оның жұмыс берушісі American Airlines хабарлады.
"Ол мансабын 1957 жылы бастаған және Гиннестің рекордтар кітабына ең ұзақ жұмыс істеген стюардесса ретінде енген. Бетт бортсеріктердің бірнеше буынын шабыттандырды", - дейді әуе компаниясының өкілдері.
Нэш 21 жасында American Airlines компаниясының ізашары Eastern Airlines компаниясында өзі тұратын Вашингтон мен Бостон арасындағы рейстерде жұмыс істей бастаған. Ол бұл қысқа бақытты түнде өз үйінде түнеу үшін әдейі таңдап алған.
Ол бастапқыда бірнеше жылдан кейін басқа бағыттарға ауысуды ойлаған, бірақ сол күйі ауыспай қалған, содан да оны екі қала арасында жиі ұшатындар жақсы көріп кеткен.
"Адамдардың бәрі бірдей. Бәріне аздаған махаббат керек", - деген ол 2017 жылы BBC News-ке берген сұхбатында.
Кейбір америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол 17 мамырда хосписте қайтыс болған. Жақында оған сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған.
Бетт Нэш 2022 жылы 86 жасында әлемдегі ең қарт стюардесса ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2107878-alemdegi-eng-qart-stiuardessa-qaitys-boldy/