Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чикаго әуежайында ұшуға бет алған ұшақтың қозғалтқышы өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Ұшақ қанатынан шыққан түтін
Ұшақ қанатынан шыққан түтін. Фото: X/@IPaloalto

АҚШ-тың Чикаго әуежайында United Airlines ұшағының қозғалтқышы өртенді. Ұшқтан жолаушылар түсіріліп, рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Fox News.

Басылым мәліметінше, Чикагодан ұшып, Вашингтон штатындағы Сиэтл-Такома әуежайына UF 2091 рейсін орындауға тиіс Airbus A320 ұшағы төтенше жағдайға байланысты ұшпады.

Ұшақ қанатынан қара түтін шыққан. Ұшақты тез арада жолдан шығарып, терминалға сүйреп апарған. Ұшақ бортында 148 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болғаны хабарланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ Чикаго әуежайында ұшақтарды қабылдау тоқтатылғаны атап өтілді.

Айта кетсек, бұған дейін Лондоннан Сингапурға ұшып шыққан Boeing 777-300ER ұшағы қатты турбуленттілікке тап болғаны хабарланды. Салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2108118-chikago-auezhaiynda-ushuga-bet-algan-ushaqtyng-qozgaltqyshy-ortendi-video/