Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда жолаушылар автобусы аударылып, кем дегенде 20 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

Пәкістанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, кем дегенде 20 адам қаза тапты. Тағы бірнеше жолаушы зардап шеккен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның Dawn телеарнасына мәліметінше, қайғылы жағдай Белуджистан провинциясында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша Белуджистан, Уошукта автобус аударылып, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты", - деп хабарлайды телеарна.

Daily Pakistan газетінің мәліметінше, апат салдарынан 28 адам қаза тауып, тағы 20 шақты адам зардап шеккен.

Полицияның алдын ала мәліметіне сүйенсек, жол апатына жылдамдықты асыру себеп болған. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Жолаушылар автобусы Белуджистан провинциясындағы екінші үлкен қала – Турбаттан провинция астанаы Кветта қаласына бара жатқан.

Оқиға орнына құтқарушылар, полиция мен жергілікті әкімшілік келген. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2108700-pakistanda-zholaushylar-avtobusy-audarylyp-kem-degende-20-adam-qaza-tapty/