Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Малави вице-президентінің ұшағы радардан жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Африкадағы Малави мемлекетінің вице-президенті мінген ұшақ 10 маусым, дүйсенбіде таңертең радардан жоғалып кетті. Бұл жөнінде РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Малави вице-президенті Саулос Чилима бұрынғы әділет министрі Ральф Касамбараның жерлеуіне ұшып бара жатқан. Ұшақ бортында тағы тоғыз адам болған.

10 маусым таңертең ел астанасы Лилонгведен ұшып шыққаннан ұшақ радардан жоғалып кетті. Ұшақ елдің солтүстігіндегі Мзузу халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден өте қонуы керек болған.

Малави мемлекетінің президенті Лазарус Чаквера жоғалған ұшақты іздеуге бұйрық берді.

"Ұшақ табылмайынша операцияны тоқтатпауға қатаң бұйрық бердім", - деді Чаквера.

Ел президенті Багам аралдарына жоспарланған сапарын кейінге қалдырған.

Малавидің вице-президенті Саулос Чилима 51 жаста екені белгілі болды. Үйленген, екі баласы бар. Вице-президент қызметін 2014 жылдан бері атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2115309-malavi-vitse-prezidentining-ushagy-radardan-zhogalyp-ketti/