Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пашинян Лукашенко президенттіктен кеткенге дейін Беларуське бармайтынын айтты

Жарияланған күні:

Никол Пашинян
Никол Пашинян. Фото: TASS / Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Беларусьте Александр Лукашенко президент болып тұрған кезде ол елге бармайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Александр Лукашенко президент болып тұрған кезде өзі де, Арменияның кез келген шенеунігі де Беларуське бармайтынын айтты.

"Лукашенко Беларусь президенті болып тұрған кезде мен Беларуське ешқашан бармайтынымды және Беларуське ешбір лауазымды тұлға бармайтынын мәлімдеймін", - деді ол.

Пашинян Лукашенконың армениялықтардан лайықты түрде кешірім сұрауы керегін айтты.

Сондай-ақ Армения премьер-министрі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуды "орынды шешім" деп бағалады.

"Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы болады орынды қадам болады... ал қашан шығатынымызды біз өзіміз шешеміз. Бәлкім, бір айдан кейін, мүмкін 1-3 жылдан кейін шешім қабылдайтын шығармыз", - деді Пашинян парламентте сөйлеген сөзінде.

Бұған дейін Пашинян кеше Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2116887-pashinian-lukashenko-prezidenttikten-ketkenge-deiin-belaruske-barmaitynyn-aitty/