Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда екі пойыз бір-біріне соғылып, 15 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

пойыз рэлсі
Теміржол. Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанда Нью-Джалпайгури қаласы маңында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті, деп хабарлайды "РИА новости" ақпарат агенттігі.

Басылым мәліметінше, Батыс Бенгалиядағы Нью-Джалпайгури маңында Kanchanjunga Express пойызы апатынан 15 адам қаза тауып, 60 адам зардап шеккен.

Оқыс жағдай дүйсенбі таңертең болған – жүк пойызы сол бағытта келе жатқан жолаушылар пойызына соғылған. Соқтығыс салдарынан бірнеше жолаушы вагоны рельстен шығып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының машинисі тоқтау белгісіне тоқтамағандықтан, екінші пойызға соғылған.

Солтүстік-Шығыс шекаралық теміржол өкілдерінің айтуынша, пойыз машинисі мен машинист көмекшісі де қаза тапқан.

Билік өкілдері зардап шеккендер санының аз болуын жолаушылар пойызына екі пошта вагонының тіркелуімен түсіндіріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2118708-undistanda-eki-poiyz-bir-birine-sogylyp-15-adam-qaza-tapty/