Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда Құрбан айт кезінде 16 мыңға жуық адам зардап шекті

Жарияланған күні:

Ақ бас қой. Көрнекі фото
Ақ бас қой. Көрнекі фото: pixabay.com

16 маусымда, яғни Құрбан айттың бірінші күнінде Түркияның бірқатар өңірінде азаматтар малды құрбан шалу кезінде зардап шеккен. 16 мыңға жуық адам медицина қызметкерлеріне жүгінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

X әлеуметтік желісінде Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қоджа елде Құрбан айт мерекесінің бірінші күні мал сою кезінде 16 мыңға жуық адам жарақатпен медицина қызметкерлеріне жүгінгенін мәлімдеді.

Құрбан-байрам (түркі тілінде), немесе Ид аль-Адха (араб тілінде) – мұсылмандардың басты мерекелерінің бірі – құрбан шалу мерекесі. Түркияда мерекенің бірінші күні жексенбіде басталған. Елде 24 маусымға дейін демалыс деп жарияланды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желіде қасапшылардан қашып кеткен жануарлардың көптеген видеосы тарап жатыр.

"Мерекенің алғашқы күнінде 16 мыңға жуық адам құрбан шалу кезінде алған жарақаттарына байланысты ауруханаларға жүгінген, олардың 1274-і Анкарада, 840-ы Стамбұлда, 416-сы Измирде. Көбіне мұндай жағдайлар кәсіпқой қасапшы болып жұмыс істемейтін адамдар мал сойғанда болып жатады", - деп жазды министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2118717-turkiiada-qurban-ait-kezinde-16-myngga-zhuyq-adam-zardap-shekti/