Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отыз адам жансақтау бөлімінде": Мәскеуде ботулизмге шалдыққан жүзден аса адам медициналық көмекке жүгінді

Жарияланған күні:

Зертханада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әйел. Көрнекі сурет
Зертханада зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәскеуде ботулизм дерті анықталғаннан кейін 121 адам медициналық көмекке жүгінген. Мәскеу мэрі орынбасарының сөзінше, 55 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Риа Новости агенттігі.

"Мәскеуде ботулизм анықталғаннан кейін улану белгілері бар бас-аяғы 121 адам медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары Анастасия Ракова.

Мәскеу мэрі орынбасарының айтуынша, 55 адамның жағдайы ауыр, отыз адам жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.

"Медициналық көмекке уақтылы жүгінгеннің қабылданған шаралар және дәрігерлердің бақылауының арқасында бұл науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Ракова.

Оның айтуынша, олар мамандандырылған ауруханада тексеруден өткен, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2118849-otyz-adam-zhansaqtau-boliminde-maskeude-botulizmge-shaldyqqan-zhuzden-asa-adam-meditsinalyq-komekke-zhugindi/