Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранда жер сілкінісінен бірнеше адам қаза тауып, тағы 120-ға жуық адам жарақат алды

Жарияланған күні:

Ер адамдар жер сілкінісінен қираған үй маңына жиналып тұр
Ирандағы жер сілкінісі. Фото: twitter.com/fmtoday

Кеше, 18 маусымда Иранның солтүстік-шығысында 4,9 балдық жер сілкінісі болып, кем дегенде төрт адам қаза тауып, тағы 120-ға жуық адам жараланды.

Кашмар қаласының губернаторы Хаджатолла Шариатмадари мемлекеттік телеарнада сөз сөйлеп, қаза болғандар санын жариялады, деп хабарлайды Al Arabiya News.

Ол 35 адам ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

Губернатордың айтуынша, жер сілкінісі негізінен қаладағы және ауылдық жерлердегі тозығы жеткен ғимараттарға зақым келтірген.

Басылым Иранның әртүрлі тектоникалық плиталарда орналасқанын және жиі жер сілкінісіне ұшырайтынын жазады.

АҚШ-тың геологиялық қызметі жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2119950-iranda-zher-silkinisinen-birneshe-adam-qaza-tauyp-tagy-120-ga-zhuyq-adam-zharaqat-aldy/