Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Сауд Арабиясында қажылық кезінде жүздеген қажы ыстықтан көз жұмды, мыңдаған адам ауруханада жатыр

Жарияланған күні:

Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар
Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Осы аптада Сауд Арабиясында болған және қажылықпен тұспа-тұс келген қатты ыстық салдарынан кем дегенде 570 адам көз жұмды. Бұл туралы France presse агенттігі дипломаттардың ресми хабарламаларына сүйене отырып мәлімдеді.

Метеорологтардың мәліметінше, дүйсенбі күні Меккедегі ауа температурасы көлеңкеде +51,8 градусқа дейін, сейсенбіде +47 градусқа дейін жеткен.

Кейін аптаптың беті қайтқанмен, ауа температурасы түнде де +40 градустан түспеген. Демек, аптаптан зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.

Күн өтуден зардап шеккен 2700 адам жергілікті ауруханаларда жатыр.

Әлеуметтік желілерде ондаған адам денесінің көшеде жатқаны түсірілген кадрларды кездестіруге болады.

Осыған қарамастан Сауд Арабиясы билігі аптаптан адамдардың жаппай қаза тапқанын жоққа шығарады.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі екі мыңнан астам қажының ыстықтан ауруханаға түскенін мойындағанымен, биыл қажылар арасында ыстықтан қаза болғандар жоқ деп сендірді.

France presse агентігі өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі Мысыр азаматтары, кемінде 323 адам көз жұмған .

Дүйсенбі күні француздық Le Monde журналы Индонезиядан келген 136 қажы қайтыс болғанын хабарлады.

Иордания билігі аптаптан 60 азамат құрбан болғанын, Тунисте 35 адам, Иранда 11 адам, Сенегалда үш азамат қаза болғанын ресми хабарлады.

Қаза тапқандар арасында кемінде төрт ресейлік азамат бар, деп хабарлайды РИА Новости Эр-Риядтағы Ресей бас консулдығына сілтеме жасап.

Әр ел жариялаған барлық ресми мәліметтерді қоса отырып, France presse агентігі редакциясы барлығы 577 қажылық мерт болған деп есептеді.

Қазір Меккедегі ең үлкен болып саналатын Әл-Муаиземдегі мәйітханада 550 мәйіт жатқаны хабарланды.

Дипломаттардың айтуынша, қысылып, жарақат алып көз жұмған бір адамнан басқа "бұл адамдардың барлығы аптаптан қаза тапқан".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2120709-saud-arabiiasynda-qazhylyq-kezinde-zhuzdegen-qazhy-aptap-ystyqtan-koz-zhumdy-myngdagan-adam-auruhanada-zhatyr/