Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстандағы теракт кезінде 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
қару
Қару. Көрнекі фото: pixabay.com

Дағыстанда 15-тен астам полиция қызметкері, сондай-ақ бірнеше бейбіт тұрғын террористік шабуылдардың құрбаны болды. Бұл туралы аймақ басшысы Сергей Меликов Telegram-дағы арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24 маусымға қараған түні Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар болды. Аймақ басшысы жағдайға пікір білдірді.

"Қолына қару алып, Дағыстанның тыныштығын қорғаған 15-тен астам полиция қызметкері бүгінгі террористік әрекеттің құрбаны болды", - деді Меликов.

Оның айтуынша, бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Ол сондай-ақ алты террористің көзі жойылғанын хабарлады.

Меликов жағдай қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының бақылауында екенін айтты.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше,, жексенбі кешке қаруланған топ Дербенттегі синагога мен шіркеуге оқ жаудырған. Салдарынан ғимараттарда өрт шыққан. Осы оқиғамен бір уақытта Махачкалада жол полициясы бекетіне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Сонымен қатар Сергоқала ауылында тағы бір шабуыл болды. Онда шабуылдаушылар полиция көлігіне оқ атқан.

Басылым елдің Терроризмге қарсы ұлттық комитетіне сілтеме жасап, бес шабуылдаушының көзі жойылғанын хабарлады: екеуі Дербентте және үшеуі Махачкалада.

Елдің қауіпсіздік күштері өкілдері агенттіктің тілшілеріне ұлдары террористік әрекеттерге қатысы болуы мүмкін Дағыстанның Сергокалинск ауданының басшысы Магомед Омаровтың ұсталғаны туралы да хабар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2122653-dagystandagy-terakt-kezinde-15-ten-astam-politsiia-qyzmetkeri-men-birneshe-beibit-turgyn-qaza-tapty-video/