Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореядағы литий батареялары зауытында алапат өрт шықты: 20 адамның денесі табылды (видео)

Жарияланған күні:

Зауыттан шыққан өрт
Зауыттан шыққан өрт. Фото: Yonhap News

Оңтүстік Кореядағы литий батареялары зауытында алапат өрт шығып, 20 адамның денесі табылды. Бұл туралы Yonhap news агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тағы үш адам хабар-ошарсыз кетті, деп жазады агенттік тілшілері.

Өрт ARIEL зауытында жергілікті уақыт бойынша 10:30-да (Астана уақытымен 06:30-да) болған. Сондай-ақ, өрт шыққан зауыт ғимараттарының бірінде 35 мыңнан астам дайын литий батареялары сақталған.

Болжам бойынша, қаза тапқандардың көпшілігі – Қытайдан келген жалдамалы жұмысшылар.

Өрт бес сағаттан астам уақыт бойы сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2122980-ongtustik-koreiadagy-litii-batareialary-zauytynda-alapat-ort-shyqty-20-adamnyng-denesi-tabyldy/