Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боливияда әскерилер президент сарайын басып алмақ болды

Жарияланған күні:

Боливиядағы әскерилер
Боливиядағы әскерилер. Фото: Mateo Romay Salinas/Anadolu/Getty Images

Боливия президенті Луис Арсе әскерилер президент резиденциясы орналасқан ел астанасы Ла-Пастағы Үлкен үйді әскерилер басып алуға әрекеттенгеннен кейін тұрғындарды мемлекеттік төңкеріске қарсы бірігуге шақырды. Ал әскерилер кері шегінуге мәжбүр болды.

"Боливия халқы демократия үшін мемлекеттік төңкеріске қарсы ұйымдасып, жұмылуы керек. Біз төңкеріс әрекеттері тағы да боливиялықтардың өмірін қиюына жол бермейміз", - деді ол үндеуінде.

Сәрсенбі кешке әскерилер үкімет ғимараттары орналасқан Ла-Пастағы Мурильо алаңының кіреберіс жолдарын жауып тастады, содан кейін танкпен сарайдың қақпасын бұзбақ болған.

Шабуылды басқарған Боливия әскерінің генералы Хуан Хосе Сунига әскерилердің мақсаты елдегі демократияны қалпына келтіру екенін мәлімдеді, ол сондай-ақ саяси тұтқындарды түрмеден босатуға уәде берді.

"Қарулы Күштер 30-40 жыл бойы белгілі бір адамдар ғана басқаратын елді емес, нағыз демократияны қайта құруға ниетті,", — деді ол президент сарайының алдында.

Кейінірек президент жаңа әскери басшылықты тағайындағанын және әскердің бас қолбасшысы Хосе Уилсон Санчестің ант бергенін хабарлады. Ал ол сарбаздарға кері шегінуге және өз бөлімшелеріне оралуға бұйрық берді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, осыдан кейін әскерилер алаңнан қайта бастаған. Боливияның Бас прокуратурасы Сунига мен басқа да шабуылға қатысушылардың әрекеттерін тергеуді бастады. Генерал ұсталды.

Ал AFP басылымы Хуан Хосе Сунига қызметінен босатылуы мүмкін деген қауесет сейсенбіде бастап тарағанын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2124810-boliviiada-askeriler-prezident-saraiyn-basyp-almaq-boldy/