Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі жанжал: Тергеу комитетінің басшысы мемлекеттік думаны "государственная дура" деп атады

Жарияланған күні:

Александр Бастрыкин
Александр Бастрыкин. Фото: t.me/sledcom_press

Ресейдің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Мемлекеттік Дума туралы жағымсыз пікіп айтып, елдің көші-қон саясаты туралы сөз етті. Оның сөзіне Вячеслав Володин жауап берді.

Бүгін Санкт-Петербург халықаралық заң форумы аясындағы сессияда Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин елдің көші-қон саясатын өзгерту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Сонымен қатар Бастрыкин мемлекеттік думаның тиісті заңдарды қашан қабылдайтынын сұрап, оны "государственная дура" деп атады. Оның айтқан сөзінің үзіндісі Telegram-дағы Baza арнасында жарияланды.

"Біздің "государственная дура" жақсы заңдарды қашан қабылдайтынын білгім келеді", - дейді видеода Ресей Тергеу комитеті басшысы.

Оның сөзіне Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин жауап қатты.

"Депутаттарды Ресей Федерациясының азаматтары сайлады, ол халықты қорлады", - дейді ол мемлекеттік думаның Telegram-дағы ресми арнасында.

Кейін Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко Бастрыкин ешкімді ренжіткісі келмегенін және бұл сөйлем контекстен алынғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2125311-reseidegi-zhanzhal-tergeu-komitetining-basshysy-memlekettik-dumany-gosudarstvennaia-dura-dep-atady/